Мамешова Саят Әлішеріқызы

User Rating: / 11
PoorBest 
There are no translations available.

Мамешова Саят Әлішеріқызы 1983 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы Талас ауданы Қызыләуіт (Ильич) ауылында туылған.

1989 жылы Ақкөл ауылындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепке бірінші сыныбына барып, 2000 жылы Қызыләуіт ауылындағы М. Қыстаубайұлы атындағы орта мектепті үздік аяқтаған.

2000 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жаратылыстану ғылымдары факультетіне оқуға түсіп, 2005 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының биология және химия мамандығын үздік дипломмен (ЖБ № 0078439 05.07.2005 ж., Тараз қаласы) бітірген.

2005-2007 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 6N0606 - «Химия» мамандығы бойынша магистратурасын үздік дипломмен бітіріп (ҒПЖ № 0000739 20.06.2007 ж. Тараз қаласы),  магистр академиялық дәрежесін және «Химия» деген біліктілік алған. Сонымен қатар магистратураның тәжірибелік білім беру бағдарламасын меңгерудегі жетістігі үшін және магистрлік диссертацияны орындау барысында нәтижелі ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізгені үшін «ТарМУ-дың жарқын болашағы» номинациясы бойынша дипломмен (26.06.2007 жыл, Тараз қаласы) марапатталған.

Алғашқы еңбек жолын 2005 жылы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының химия кафедрасында оқытушы болып бастап, 2008 жылдың тамыз айына дейін жұмыс істеген.

2009-2010 жылдар аралығында ҚР ІІМ-нің «Автокөліктік қызмет көрсету» мемлекеттік мекемесінде іс жүргізуші лауазымын атқарған.

2010-2014 жылдары ҚР Президенттік мәдениет орталығы мемлекеттік мекемесінің «Театр және концерт» бөлімінде  труппа меңгерушісі қызметінде жұмыс жасаған.

2014 жылдың 11 қыркүйегінен бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасында оқытушы қызметін атқарып жүріп, 2017 жылы конкурс бойынша аға оқытушы қызметіне өтіп, осы лауазымда 2018 жылдың 11-ші қаңтарына дейін жұмыс істеген.

2015-2017 жылдары технологиялық факультеті деканының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары, 2017 жылы ғылыми жұмыстары бойынша орынбасары қызметтерін атқарған.

2017 жылдың желтоқсан айында университет ректорының бұйрығымен (Пр. № 509-док. 29.12.2017 ж.) 6D060600 - «Химия» мамандығы бойынша докторантураға оқуға түсіп, қазіргі уақытта профессор А. Асановтың жетекшілігімен «Гибридтелген амид функционалды полиэлектролиттердің қатысында сазды гидродисперсияның коллоидтық химиялық қасиеттерінің реттелуі» атты диссертация тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарын сәтті жүргізіп келеді.

Саят Әлішеріқызы Мамешова өзінің педагогикалық және ғылыми шығармашылық жолында  20-дан астам ғылыми еңбектері әр түрлі ғылыми басылымдарда, халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдарында жарияланған және Қазақстан республикасы Зияткерлік меншік құқығынан берілген  патенттің авторлық куәлігі бар.

С.А. Мамешова бірнеше халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндама жасап жүлделі орындарды иеленіп, бағалы силықтармен марапатталған дипломдары, алғыс хаттары мен сертификаттары бар. Сонымен қатар, қызмет еткен ұжымында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып 2005, 2018 жылдары «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты педагогикалық ұжымдардың көркемөнерпаздар шығармашылығының ІV және VII облыстық фестивалінде үздік өнер көрсеткені үшін Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің Кәсіподағының дипломымен және университет ректорының алғыс хатын, 2006 жылы «Үкілі домбыра» Ұлттық өнер және ән-би нақыштары қалалық байқауында өнер көрсетіп 2 орын дипломын, 2007 жылы «Келсеңші маған ән болып..» атты 70-80 жылдар ретро әндерінің ІІ республикалық фестивалінің алғыс хатын, 2015 жылы VII республикалық студенттік пәндік олимпиаданы ұйымдастыру жұмысына белсене қатысқаны үшін университет ректорының алғыс хатын, «Ұлы бабамыздың мұраларын ұлықтайық» атты апталықта белсенділік танытқаны үшін университет ректорының алғыс хатын  және «Университет тынысы» газеті жариялаған Шона Смаханұлының 90 жылдығына арналған сатира байқауында ІІІ орынды иеленіп арнайы диплом, 2017 жылы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың Алау Эстафетасын ұйымдастыру мен өткізуге қосқан ерекше үлесі үшін алғыс сертификатын және 2018 жылы 12 сәуір ҚР Ғылыми қызметкері күні кәсіби мерекесіне орай «Деканның ғылыми жұмыстары бойынша белсенді орынбасары» номинациясы бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ректорының құрмет грамотасын алған. Сонымен бірге Саят Әлішеріқызы докторантураның оқыту жүйесі бойынша 2019 жылы Беларуссия республикасы Минск қаласында орналасқан Беларуссия мемлекеттік университетінің химия факультетінде ғылыми тағылымдамадан өту барысында «Жасыл химияға кіріспе» атты халықаралық қос тілді курсқа қатысып «Жасыл химия» тақырыбында жазған эссесі жоғары деңгейде бағаланып университет проректорының және ғылыми тағылымдамадан өткенін растайтын сертификаттармен марапатталған.

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua