Суеубаев Жалғас
Суеубаев Жалғас 1947 жылы 1-ші мамыр айында Қазалы ауданы Жанай елді мекенінде дүниеге келген.
1965 жылы Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы 11 жылдық мектепті бітірген.
1973 жылы Қарағанды политехникалық институтын автомобиль көлік мамандығы бойынша бітіріп, жолдамамен Қызыл-Орда облыстық жүк тасымалдау тресінің Қазалы қаласындағы автокөлік кәсіпорнына мастерской бастығы қызметін атқарған.
1974 жылы Алматы қаласындағы Главриссовхозстрой мекемесіне бөлім бастығының орынбасарлығы қызметіне ауысады.
1976-1991 жылдары аралығында Алматы облысы Челек, Қаскелен аудандарында, Алматы қаласындағы № 2, № 8 автокөлік кәсіпорындарында директордың орынбасары, бас инженер, директор қызметін атқарады.
1991-2000 жлдары аралығында Алматы қаласындағы өндірістік «Металлист» кооперативінің директоры қызметін атқарған.
2000-2004 жылдар аралығында Алматы қаласындағы ТОО «FABER»мекемесінде директордың орынбасары қызметін атқарады.
2004-2011 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақ көлік және коммуникация академиясында» аға оқытушы, доцент қызметін атқарады.
2011-2012 жылдары «КАЗҰЛТТЫҚАГРОУНИВЕРСИТЕТ» көлік техникасы және аграрлық өндіріс сервисі кафедрасына аға оқытушы болып қабылданды.
2012-жылдан осы күнге дейін «ОРТАЛЫҚ-АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ» экономика және туризм кафедрасында доцент қызыметінде.
Осы жыл аралығында 27 ғылыми еңбек жазып, республикалық «Поиск», «Высшая школа», «Вестник», «Банки Казахстана» журналдарында шыққан. Ғылыми кандидаттық диссертациясын қорғап, «экономика ғылым кандидаты» дәрежесіне ие болды Барлығы 27 ғылыми еңбек жазып соның ішінде 6-оқу құралы «Жер бетіндегі көлік құралдары», «Автомобиль құрылысы», «Автомобильные эксплуатационные материалы», «Көлік техникасында пайдаланылатын отын, майлағыш заттар және техникалық сүйық материалдары бойынша ПРАКТИКУМ», «Лабораторные работы к Автомобильные эксплуатационные материалы», «Көлік техникасы» (10 б.т., 17,5 б.т., 3 б.т., 11,2 б.т., 17,6 б.т., 8,2 б.т., 22,25 б.т.) көлемінде баспаханалардан шығарылды. Ғалым ретінде студенттерге мынадай пәндерден «Көлік құралдары», «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы», «Жүк тасымалдау технологиясы және оны үйымдастыру», «Жолаушы тасымалдауды ұйымдастыру және басқару», «Кәсіпорын экономикасы», «Менеджмент», «Пайдалану материалдары» пәндерінен лекция оқып, сабақтар жүргізеді.