Кеңесариева Лаура Бегімбайқызы
Кеңесариева Лаура Бегімбайқызы1978 жылы 10 сәуірде Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылында дүниеге келдім.
1985-1995 жылдар аралығында №139 Амангелді атындағы қазақ орта мектебінде оқыдым.
1995 жылы «Айдар» шаруа қожалығында жұмысшы болып жұмыс жасадым.
1996 жылы Ы. Жахаев атындағы Қызылорда политехникалық институтына «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2001 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Жерге орналастырушы инженер» біліктілігімен тәмамдадым.
2001-2005 жылдары Университет жанындағы Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығына оператор болып қызмет атқардым.
2003-2005 жылдары университетіміздегі «Tарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша білімімді жетілдіріп, Тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі біліктілігін алдым.
2011 жылы Болашак атындағы универститетіне магистратура Экономика мамандығы бойынша оқып түсіп, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежемен тәмамдадым.
2005 жылы «Қабілет» бейімді білім беру лицейіне оператор қызметіне ауыстым. 2006 жылы Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында сағаттық төлем негізінде дәріс жүргіздім.
2010-2011 жылдар аралығында университет колледжінде дәріс жүргіздім.
2007 жылдан осы уақытқа дейін Оқу процесінің тіркеуші офисінің әдіскері қызметін атқарып келемін.