Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы

Ocena użytkowników: / 10
SłabyŚwietny 
There are no translations available.

Мен, Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы, 1956 жылы 15 тамызда Қызылорда облысы, Арал қаласында қызметкер отбасында дүниеге келдім.

1963-1973 жылдары Арал қаласында №№ 86, 220 мектептерде оқып, орта білім алдым. 1973-1977 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқыдым. 1977-1988 жылдары Қызылорда облысы Арал ауданындағы Қаратерең орта мектебінде, Арал қаласындағы № 177 орта мектепте, Қамыстыбас елді мекеніндегі Қосжар орталау мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі қызметтерін атқардым.

1988 жылы Жамбыл қаласына қоныс аударып, Завод аудандық оқу бөлімінде әдіскер, НДФЗ-да көптиражды «Фосфорщик» газетінде тілші, редактордың орынбасары, Жамбыл ауданы Жасөркен елді мекенінің М.Әуезов атындағы орта мектепте мұғалім қызметтерін атқардым.

1990 жылдан бастап Жамбыл педагогикалық институтында, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, «Қайнар» университетінің Жамбыл филиалында, А. Ясауи атынлдағы МКТУ Жамбыл филиалында, ТИГУ-де оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доценті, ғылыми-зерттеу орталығының директоры қызметтерін атқардым.

2011 жылдан бастап Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде декан, халықаралық байланыс және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, «Әулие-Ататану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры қызметтерін атқарып келемін.

1994 жылы Алматы қаласындағы ҚР ҰҒА М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инстиутының диссертациялық кеңесінде «Т. Ахтановтың драматургиясы» тақырыбында кандидаттық, 2006 жылы Гумилев Атындағы Еуразия Ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде «Т. Ахтановтың жазушылық шеберлігі (прозасы бойынша)» тақырыбында докторлық диссертация (ғыл. кеңесші академик Р. Нұрғали) қорғадым. 2011 жылдан профессормын.

Әдебиеттану ғылым саласында 2 монография, 4 оқу-әдістемелік құралы, 70-тің үстінде ғылыми мақалаларым жарияланды.

Отбасылымын. 3 балам, 2 немерем бар.

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua