Бекбердиева Сайра Тұртақызы
Мен, Бекбердиева Сайра Тұртақызы, 1973 жылы 24 ақпанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Амангелді ауылында дүниеге келдім.
1980-1990 жж. Киров атындағы орта мектепті бітірдім.
2009 ж. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Педагогика» факультетінің «Тарих» мамандығын аяқтадым.
2009 ж. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетіне түсіп, 2011 ж. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 6М010300 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтап, «Педагогика ғылымдарының» магистрі дәрежесін алдым.
Еңбек жолын 1993 ж. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында РайКООП бухгалтер қызметінен бастап, 1997 ж. «Көксала» ЖШС бухгалтер қызметіне ауыстырылдым.
2004 ж. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтында «Педагогика», 2008 ж. «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінде әдіскер қызметтерін атқардым;
2009 ж. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне оқу бөліміне инспектор қызметіне қабалдандым.
2010 ж. аталған университеттің «Ғылым және магистратура», 2011 ж. оқу-әдістемелік бөліміне жетекші маман болып жұмыс атқардым.
Бүгінгі күнде Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ЖОО дейінгі және кейінгі бөлімінің бас маманы қызметін атқарудамын.