Джилкибаев Егубек Сафакович

Рейтинг пользователей: / 2
ХудшийЛучший 
There are no translations available.

Мен, Джилкибаев Егубек Сафакович, 1938 жылы маусымның 3 күні Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келдім. Әкем: Джилкибаев Сапак – Шымкент қорғасын зауытының зейнеткер-металлургы, анам: Джилкибаева Айтен – үйдің шаруасымен  айналысты.

Сегіз жасымнан бастап Шымкент қаласының Н.Островский атындағы № 4 орта мектепке барып, оны 1958 жылы бітірдім. Осы жылы тамақ өндірісінің инженер- механигі мамандығы бойынша Қазақ химия-технологиялық институтына түсіп, 1963 жылы аяқтадым.

Еңбек жолымды 1963 жылы майкомбинатының дайындау цехының механигі қызметінен бастадым. 1965 жылдың наурыз айында комсомолдың Өлке комитетіне өнеркәсіп инструкторы қызметіне ауыстым. 1966-1967 жылдары Шымкент облысының комсомол комитетінде өнеркәсіп комитетінде инструктор қызметінде жұмыс істедім.

1967 жылдың ақпан айынан бастап Қазақ химия-технологиялық институтына патенттік-лицензиялық  бөлімінің бастығы қызметіне және қосымша металлдардың технологиясы кафедрасына оқытушы қызметіне ауыстым.

1970 жылы кандидаттық емтихандарды нәтижелі тапсырғаннан кейін, В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының аспирантурасына  түстім. (қазіргі Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ) Аспирантураны 1973 жылы бітіріп, Қаз ССР-нің жоғары оқу орындары министрлігімен жас маман ретінде Қазақ политехникалық  институтында қалдырылып, 1976 жылдың желтоқсан айына дейін жұмыс істедім.

1976 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласындағы «Союзфосфор» бірлестігіне жұмысқа тұрдым.  1978 жылдың  қыркүйек айында ҚазССР жоғары және орта білім беру министрлігіне ғылыми-зерттеу жұмыстарының Басқармасына инспектор қызметіне ауыстым.

1980 жылы ҚазҰТУ металлургиялық факультеті деканының орынбасары қызметіне ауысып, 1982 жылға дейін жұмыс істедім. Осы жылы диссертациялық жұмысты аяқтау үшін ҚазССР Ғылым Академиясына кіші ғылыми қызметкер ретінде ауыстым.

1985 жылы Қапшағайдағы жаңадан соғылып жатқан гипсокартон зауытына кадрлар жөніндегі директордың орынбасары қызметіне тағайындалдым.

1988  жылы Алматы энергетикалық институтына эксплуатациялық техникалық бөлімнің бастығы қызметіне ауысып, 1995 жылға дейін жұмыс істедім.

1995 жылы Қазақ политехникалық институтына кафедраның аға оқытушысы қызметіне  ауыстым.

1995 жылдың қыркүйек айында «Строительные дорожные и горные машины» екі мамандық бойынша кандидаттық диссертация қорғадым.

1997 жылы ҚазССР жоғары оқу орындары министрлігімен Тараз қаласының  Жамбыл университетіне патентовед қызметіне жіберілдім. 1998 жылы үш жоғары оқу орнындарының қосылуынан кейін М.Х.Дулати атындағы ТарМУ патенттік-лицензиялық бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалдым.

2001 жылы «Су ресурстары және гидротехникалық құрылымдар»  кафедрасына доцент қызметіне, 2007 жылы осы қызметімде «Мұнай-газ ісі» кафедрасына ауыстым.

2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Стандарттау және сертификаттау»  кафедрасында доцент қызметін атқарудамын.

Педагогикалық және ғылыми жұмыс аралығында менің 30 ғылыми мақалаларым шығып, өнертапқыштыққа 5 патенттер алдым. 2004 жылы Қазақстан бойынша бірінші рет қазақ тілінде «Патенттану» атты оқу құралы шықты.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2005 жылғы 25 қарашадағы шешімімен (№ 14 хаттама) «Көлік, тау-кен және құрылыс машиналарын жасау» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua