Сейітқұлова Жанна Мәмбетқызы

User Rating: / 2
PoorBest 
There are no translations available.

Сейітқұлова Жанна Мәмбетқызы 19 ақпан 1971 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданының  Жаңа-талап ауылында дүниеге   келген.

1989-1994 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы «Құрмет белгісі»  орденді А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының «Тарих» факультетінің  «Тарих және саяси пәндер» мұғалімі мамандығын «Үздік» дипломмен тәмамдаған.

1994 жылы «Жас маман» ретінде сол институттың «Қазақстан Республикасының тарихы» кафедрасына ассисент ретінде қалдырылған. 1994 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнындарында педагогикалық және ғылыми сала бойынша 18 жыл көлемінде қызмет атқарып келеді. 1995 жылдан бері қазақ халқының этнографиясы саласында ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,   Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология  институтының «Антропология және этнология» бөлімінде стажер-ізденуші қызметінде 1999-2002 жылдары жалғастыра жүріп, «Қазақтың төрт түлікке байланысты әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері» атты тақырыбта кандидаттық диссертациясын қорғаған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің   Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология  институты жанындағы ОД.53.33.01. Диссертациялық кеңестің  2002 жылғы 12 қыркүйектегі шешімімен (№17 хаттама) ҒК № 0009958 бекіткен  ғылым кандидаты. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология  институтының ғылыми кеңесі шешімімен ізденіс жұмыстары,  ғылыми жетекшісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.У. Тоқтабаймен бірігіп, 2005 жылы «Төрт түліктің қасиеті» атты еңбегі жарық көрген. (Алматы, 2005ж.– 192 б.).

2002-2003 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің  «Жалпы тарих» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарған. 2003-2004 оқу жылынан бастап Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Тараз институтының доцент міндетін атқарушысы. 2006-2010 оқу жылдарынан  осы жоғары оқу орнының «Жалпы тарих» кафедрасының меңгерушісі.

2010-2012 оқу жылдарынан бастап Тараз инновациялық университетінің «Тарих» кафедрасының доцент міндетін атқарушысы, 2012-2013 оқу жылынан университеттің «Қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі.

Сейітқұлова Жанна Мәмбетқызының зерттеу жұмысы, қазақтың мал шаруашылығына байланысты әдет-ғұрыптары фольклорлық, археологиялық, лингвистикалық және жазба деректермен салыстырыла зерттелгендіктен, исламға дейінгі және ислам дінімен синкреттелген діни сенімдерден  мол деректер келтірілгендіктен, халқымыздың ұлттық-мәдени дүниетанымдық көзқарастарын қайта жаңғырту саласында ғылыми-ізденіс бағдарламаларына пайдалануға мүмкіндіктер беруде.

Соңғы жылдары Ж.М.Сейітқұлованың  ғылыми ізденіс жұмыстары қазақтың шаруашылық түрлеріне байланысты әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің символдық және семантикалық қырлары мәселелері бойынша көрініс табуда. 2006 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің   Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология  институтының ғылыми кеңесі шешімімен докторлық диссертациясы «Қазақтың шаруашылық түрлеріне байланысты әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің символдары мен  семантикасы» атты тақырыбында бекітіліп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Сейітқұлова Жанна Мәмбетқызы тыңғылықты мақсатты жұмыстар жасаудың нәтижесімен институт, университет аралық бірнеше марапаттардың  иесі. Бүгіндері,  Сейітқұлова Жанна Мәмбетқызының бірнеше оқу - әдістемелік кешендер және оқу - әдіс нұсқаулар мен 32 – асағылыми мақалалары жарық көрген.

 

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua