Әбілов Меңлибай
Әбілов Меңлибай (1958 ж. 03.01.) – филология ғылымының кандидаты, Аймақтық Менеджмент Академиясының бірлескен профессоры. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетенің филология кафедрасының аға оқутушысы.
Өмірінің, ғылыми жұмыстарының негізгі кезеңдері:
Нөкіс қаласындағы Бердақ атындағы қарақалпақ мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын игерді.
1976 - 1978 - жылдары бұрынғы Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.
1980 - 1989 - жылдарыТақтакөпір аудандық «Ленин туы» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етті.
1993 - жылдан 2002 - жылға дейін Қарақалпақстан Республикасы Нөкіс қаласындағы Бердақ атындағы қарақалпақ мемлекеттік университетінің филология факультеті «Қазақ филологиясы» кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы қызметтерінде еңбек етті.
2001 - жылы М. Омарханұлы Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында «Қврақаппақстандағы қазақ ақын - жыраулары поэзиясындағы діни ағартушылық сарын (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы)» атты кандидаттық диссертация қорғады.
2002 - жылдан 2008 - жылға дейін А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті Тараз институтында, 2008 - жылдан Тараз инновациялық - гуманитарлық университетінде аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы болып еңбек етіп келеді.
2003 - жылы «қазақ әдебиетіндегі діни - исламдық поэзия» атты монографиясы жарық көрді.
2003 - жылы «Жазба айтысын ұйымдастыру арқылы мектеп оқушылары мен білімгерлерді шығармашылыққа баулу» атты оқу құралы жарық көрді.
1912 - жылы «Ежелгі дәуірдегі балалар әдебиеті», «Ежелгі ғұн дәуіріндегі балалар әдебиеті» деп аталатын Жоғары оқу орындарына арналған екі оқулығы және «Жыраулар мен ақындар поэзиясындағы діни ағартушылық сарын (ХІІІ - ХУІІІ ғасырлар)» атты хрестоматиялық оқу құралы жарық көрді. Облыстық, халықаралық ғылыми - теориялық конференцияларда баяндамалар жасады.
Халықаралық «Түркі әлемі» газетінің, республикалық «Дәстүр» жүрналының Жамбыл облысындағы коғамды қ тілшісі, университеттің «Жастар айдыны» деп аталатын газеттің редакция алқасынын мүшесі, Ж.Баласағұн атындағы әдеби бірлестіктің жетекшісі болып студенттерді ғылым мен шығармашылққа баулуда еңбек етіп жүр.
2012 жылы жоғары кәсіби маман ретінде, қазақ филилогиясында терең кәсіби білімі және ғылыми-педагогикалық іс-әрекеттері үшін Аймақтық Менеджмент Академиясының Призидиумы бірлескен Аймақтық Менеджмент Академиясының профессоры атты акдемиялық лауазымыға ие болды.